Украинаның Мариуполь қаласы бес аптадан бері Ресей әскерінің қоршауында тұр. Қазір қаланың бір бөлігі Ресей, бір бөлігі Украина әскерилерінің бақылауында. Қалада әлі 150 мыңдай адам бар. Украина Қызыл крест халықаралық ұйымының көмегімен тұрғындарды эвакуациялауға тырысып жатыр. Соғыс басталғалы қатты шабуылға ұшыраған қаланың көрінісін көрсетер суреттерді көре отырыңыз. Суреттер 30-31 наурызда түсірілген.
Көшедегі қабірлер, жертөледегі жұрт, өртенген үйлер. Бір айда түгі қалмаған Мариупольден фотолар
![Украина тарабының есебінше, Мариупольдегі инфраструктураның 80 пайызы қираған. Қалада атыс әлі жүріп жатыр. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/02ab0000-0aff-0242-5d64-08da13ea52a0_w1024_q10_s.jpg)
1
Украина тарабының есебінше, Мариупольдегі инфраструктураның 80 пайызы қираған. Қалада атыс әлі жүріп жатыр.
![Мариуполь билігі қалада бес мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза болды деп санайды. Тұрғындар марқұмдарды қаланың ішіне жерлеп жатыр. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/089d0000-0a00-0242-5612-08da13ea41bf_w1024_q10_s.jpg)
2
Мариуполь билігі қалада бес мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза болды деп санайды. Тұрғындар марқұмдарды қаланың ішіне жерлеп жатыр.
![Украина қарулы күштерінің бас штабы 1 сәуірдегі мәлімдемесінде "Ресей әскерилері Мариуполь қаласын толық басып алуға тырысып жатыр" деді. Ал Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Алексей Арестович брифингте Мариуполь "берілген жоқ" деп мәлімдеді.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/049b0000-0aff-0242-5ac9-08da13ea3167_w1024_q10_s.jpg)
3
Украина қарулы күштерінің бас штабы 1 сәуірдегі мәлімдемесінде "Ресей әскерилері Мариуполь қаласын толық басып алуға тырысып жатыр" деді. Ал Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Алексей Арестович брифингте Мариуполь "берілген жоқ" деп мәлімдеді.
![1 сәуірде қаладан шамамен 2 мың адам шығып, Запорожье қаласына аттанғаны хабарланды. Бірақ Мариупольде әлі 150 мыңдай адам бар. Суретте қала тұрғыны Ресей әскериімен сөйлесіп тұр. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/049b0000-0aff-0242-39dd-08da13ea4cdd_w1024_q10_s.jpg)
4
1 сәуірде қаладан шамамен 2 мың адам шығып, Запорожье қаласына аттанғаны хабарланды. Бірақ Мариупольде әлі 150 мыңдай адам бар. Суретте қала тұрғыны Ресей әскериімен сөйлесіп тұр.
![Қала тұрғындары аулада шахмат ойнап отыр. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/049b0000-0aff-0242-d9a2-08da13ea41bf_w1024_q10_s.jpg)
5
Қала тұрғындары аулада шахмат ойнап отыр.
![Мариупольде қалғандардың арасында балалар да бар. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/089d0000-0a00-0242-11b3-08da13ea471d_w1024_q10_s.jpg)
6
Мариупольде қалғандардың арасында балалар да бар.
![Қалада жарық, газ бен жылу жоқ. Жұрт тамақты отқа пісіруге мәжбүр.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/089d0000-0a00-0242-5126-08da13ea3173_w1024_q10_s.jpg)
7
Қалада жарық, газ бен жылу жоқ. Жұрт тамақты отқа пісіруге мәжбүр.
![Ресей президенті Владимир Путин Украина әскері Мариупольден толық шыққанда ғана қаланы қоршаудан босатамыз деп мәлімдеген. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/089d0000-0a00-0242-8545-08da13ea3167_w1024_q10_s.jpg)
8
Ресей президенті Владимир Путин Украина әскері Мариупольден толық шыққанда ғана қаланы қоршаудан босатамыз деп мәлімдеген.
![Ұрыс қаланың ортасында жүріп жатыр. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/089d0000-0a00-0242-2973-08da13ea6ce6_w1024_q10_s.jpg)
9
Ұрыс қаланың ортасында жүріп жатыр.
![Мариупольде жүрген Ресей әскери техникалары. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/02ab0000-0aff-0242-5779-08da13ea545e_w1024_q10_s.jpg)
10
Мариупольде жүрген Ресей әскери техникалары.
![Үйлерінен айырылған тұрғындар жертөледе тұруға мәжбүр. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/049b0000-0aff-0242-1888-08da13ea3185_w1024_q10_s.jpg)
11
Үйлерінен айырылған тұрғындар жертөледе тұруға мәжбүр.
![](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/049b0000-0aff-0242-ce6b-08da13ea4dd1_w1024_q10_s.jpg)
12
ПІКІРЛЕР