1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ ССР-інде алғаш рет президент қызметі енгізілді. Жоғары Кеңес бұл қызметке сол кезде республика компартиясын басқарған Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады. 1991 жылғы 1 желтоқсанда елде алғаш рет жалпыхалықтық төте дауыс беру жолымен өткен президент сайлауында жалғыз кандидат Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетті. Содан бері ол бұл қызметке тағы төрт мәрте сайланды. Ол сайлаулардың барлығы мерзімінен бұрын өтті. Қазақстанды 1989 жылдан бастап отыз жылға жуық үздіксіз басқарған Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда халыққа биліктен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
Назарбаевтың биліктегі 30 жылы
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылғы 19 наурызда ел президенті қызметінен кететінін мәлімдеді. Назарбаевтың биліктегі кезінен фотогалерея ұсынамыз.
![1989 жылы 22 маусым күні Қазақ ССР компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланғаннан кейін жыл өтпей жатып Нұрсұлтан Назарбаев 1990 жылдың ақпан айынан бастап Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің төрағасы әрі Қазақ ССР коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін қоса атқарды. Ол коммунистік және советтік билік номенклатурасының барлық сатысынан өткен болатын. Суретте: СССР президенті және Советтік коммунистік партия орталық комитетінің бас хатшысы Михаил Горбачев (оң жақта) пен Қазақ ССР президенті әрі Қазақ ССР компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 25 қыркүйек 1990 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/11a6f071-9fdd-4239-85fc-26d29eec6858_w1024_q10_s.jpg)
1
1989 жылы 22 маусым күні Қазақ ССР компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланғаннан кейін жыл өтпей жатып Нұрсұлтан Назарбаев 1990 жылдың ақпан айынан бастап Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің төрағасы әрі Қазақ ССР коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін қоса атқарды. Ол коммунистік және советтік билік номенклатурасының барлық сатысынан өткен болатын.
Суретте: СССР президенті және Советтік коммунистік партия орталық комитетінің бас хатшысы Михаил Горбачев (оң жақта) пен Қазақ ССР президенті әрі Қазақ ССР компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 25 қыркүйек 1990 жыл.
Суретте: СССР президенті және Советтік коммунистік партия орталық комитетінің бас хатшысы Михаил Горбачев (оң жақта) пен Қазақ ССР президенті әрі Қазақ ССР компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 25 қыркүйек 1990 жыл.
![1990 жылы 24 сәуір күні Қазақ ССР Жоғары Кеңесі «Қазақ ССР президенті қызметін тағайындау және Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылдады. Сол күні Жоғары Кеңес жаңадан тағайындалған ең биік лауазымды қызметке 49 жастағы Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады. Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) Қазақ ССР делегациясының баспасөз мәслихатында. Мәскеу, 1981 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/dcf072c9-a0ea-4edc-b966-6722805f06dc_w1024_q10_s.jpg)
2
1990 жылы 24 сәуір күні Қазақ ССР Жоғары Кеңесі «Қазақ ССР президенті қызметін тағайындау және Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылдады. Сол күні Жоғары Кеңес жаңадан тағайындалған ең биік лауазымды қызметке 49 жастағы Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады.
Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) Қазақ ССР делегациясының баспасөз мәслихатында. Мәскеу, 1981 жыл.
Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) Қазақ ССР делегациясының баспасөз мәслихатында. Мәскеу, 1981 жыл.
![1991 жылғы 1 желтоқсан күні Қазақстан тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық президент сайлауы өтті. Бұл сайлауға кандидат болып түскен жалғыз адам - Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ССР президенті болып қайта сайланды. Суретте: Қазақ ССР президенті сайлауына баламасыз түскен Нұрсұлтан Назарбаев сайлау учаскесінде өзіне дауыс беріп жатыр. Оң жақта тұрған - әйелі Сара Назарбаева. Алматы, 1 желтоқсан 1991 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/87b9aa32-af91-4bfc-8080-2b60d159c192_w1024_q10_s.jpg)
3
1991 жылғы 1 желтоқсан күні Қазақстан тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық президент сайлауы өтті. Бұл сайлауға кандидат болып түскен жалғыз адам - Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ССР президенті болып қайта сайланды.
Суретте: Қазақ ССР президенті сайлауына баламасыз түскен Нұрсұлтан Назарбаев сайлау учаскесінде өзіне дауыс беріп жатыр. Оң жақта тұрған - әйелі Сара Назарбаева. Алматы, 1 желтоқсан 1991 жыл.
Суретте: Қазақ ССР президенті сайлауына баламасыз түскен Нұрсұлтан Назарбаев сайлау учаскесінде өзіне дауыс беріп жатыр. Оң жақта тұрған - әйелі Сара Назарбаева. Алматы, 1 желтоқсан 1991 жыл.
![Ресми мәлімет бойынша, алғашқы бүкілхалықтық президент сайлауына дауыс беру құқығына ие республика азаматтарының 88,2 пайызы қатысқан. Олардың 98,7 пайызы Назарбаевқа қолдау білдірген. Содан бері Назарбаев Қазақстанды үздіксіз басқарып келеді. Суретте: Қазақ ССР президенті болып қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаев ұлықтау рәсімінде. Алматы, Республика сарайы, 10 желтоқсан 1991 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/cd426f1b-7786-4f5c-9fb3-af12bdeb42c4_w1024_q10_s.jpg)
4
Ресми мәлімет бойынша, алғашқы бүкілхалықтық президент сайлауына дауыс беру құқығына ие республика азаматтарының 88,2 пайызы қатысқан. Олардың 98,7 пайызы Назарбаевқа қолдау білдірген. Содан бері Назарбаев Қазақстанды үздіксіз басқарып келеді.
Суретте: Қазақ ССР президенті болып қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаев ұлықтау рәсімінде. Алматы, Республика сарайы, 10 желтоқсан 1991 жыл.
Суретте: Қазақ ССР президенті болып қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаев ұлықтау рәсімінде. Алматы, Республика сарайы, 10 желтоқсан 1991 жыл.
![Президент сайлауынан соң, 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан бұрынғы Совет Одағы құрамындағы республикалардың ең соңғысы болып тәуелсіздігін жариялады. Арада тағы бірнеше күн өткенде Алматыда ТМД ұйымы (Тәуелсіз мемлекеттер достастығы - ред.) құрылғаны туралы келісімге қол қойылды. Суретте: ТМД-ны құру туралы декларацияға қол қою рәсіміне қатысқан мемлекеттер басшылары. Алматы, 21 желтоқсан 1991 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/34e4eef7-8fc1-450f-989f-5117385ce6d0_w1024_q10_s.jpg)
5
Президент сайлауынан соң, 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан бұрынғы Совет Одағы құрамындағы республикалардың ең соңғысы болып тәуелсіздігін жариялады. Арада тағы бірнеше күн өткенде Алматыда ТМД ұйымы (Тәуелсіз мемлекеттер достастығы - ред.) құрылғаны туралы келісімге қол қойылды.
Суретте: ТМД-ны құру туралы декларацияға қол қою рәсіміне қатысқан мемлекеттер басшылары. Алматы, 21 желтоқсан 1991 жыл.
Суретте: ТМД-ны құру туралы декларацияға қол қою рәсіміне қатысқан мемлекеттер басшылары. Алматы, 21 желтоқсан 1991 жыл.
![Президент Назарбаевтың жарлығымен құрылған Қазақстан халықтарының ассамблеясы көтерген бастама бойынша 1995 жылы 29 сәуір күні Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілетін 2000 жылғы желтоқсанның 1-іне дейін ұзарту туралы бүкілхалықтық референдум өтті. Ресми мәліметке сәйкес, сайлаушылардың 91,26 пайызы қатысқан дауыс беру нәтижесі бойынша, олардың 95,46 пайызы Назарбаевтың өкілетін ұзартуды мақұлдаған. Бұдан соң Қазақстанда президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу және референдум жасау «дәстүрге» айналды. Суретте: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев астық алқабында. 1992 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/413a1c95-8b2a-40c2-b071-af782ff8da18_w1024_q10_s.jpg)
6
Президент Назарбаевтың жарлығымен құрылған Қазақстан халықтарының ассамблеясы көтерген бастама бойынша 1995 жылы 29 сәуір күні Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілетін 2000 жылғы желтоқсанның 1-іне дейін ұзарту туралы бүкілхалықтық референдум өтті. Ресми мәліметке сәйкес, сайлаушылардың 91,26 пайызы қатысқан дауыс беру нәтижесі бойынша, олардың 95,46 пайызы Назарбаевтың өкілетін ұзартуды мақұлдаған. Бұдан соң Қазақстанда президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу және референдум жасау «дәстүрге» айналды.
Суретте: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев астық алқабында. 1992 жыл.
Суретте: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев астық алқабында. 1992 жыл.
![Соңғы ширек ғасырдан астам уақытта Қазақстанда бүкілхалықтық президент сайлауы бес рет – 1991, 1999, 2005, 2011 және 2015 жылдары өткізілді. Қазақ ССР-і кезіндегі алғашқы сайлаудан басқалары заңда белгіленген мерзімінде емес, кезектен тыс өтті. Сурет: Қазақстан президенті болып қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаев ант беріп тұр. Астана, 20 қаңтар 1999 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/6f4113cb-077c-4e28-9097-4e4a6118e302_w1024_q10_s.jpg)
7
Соңғы ширек ғасырдан астам уақытта Қазақстанда бүкілхалықтық президент сайлауы бес рет – 1991, 1999, 2005, 2011 және 2015 жылдары өткізілді. Қазақ ССР-і кезіндегі алғашқы сайлаудан басқалары заңда белгіленген мерзімінде емес, кезектен тыс өтті.
Сурет: Қазақстан президенті болып қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаев ант беріп тұр. Астана, 20 қаңтар 1999 жыл.
Сурет: Қазақстан президенті болып қайта сайланған Нұрсұлтан Назарбаев ант беріп тұр. Астана, 20 қаңтар 1999 жыл.
![2005 жылғы 4 желтоқсанда мерзімінен бұрын өткен президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев, ресми мәлімет бойынша, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 91 пайызының қолдауына ие болып, жеті жыл мерзімге Қазақстан президенті болып тағы сайланды. Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев әйелі Сара Назарбаевамен дауыс беруге сайлау учаскесіне келді. Астана, 4 желтоқсан 2005 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/05e1553b-635b-4772-97f7-7db3a03c421e_w1024_q10_s.jpg)
8
2005 жылғы 4 желтоқсанда мерзімінен бұрын өткен президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев, ресми мәлімет бойынша, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 91 пайызының қолдауына ие болып, жеті жыл мерзімге Қазақстан президенті болып тағы сайланды.
Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев әйелі Сара Назарбаевамен дауыс беруге сайлау учаскесіне келді. Астана, 4 желтоқсан 2005 жыл.
Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев әйелі Сара Назарбаевамен дауыс беруге сайлау учаскесіне келді. Астана, 4 желтоқсан 2005 жыл.
![2005 жылғы 4 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан президенті болып сайланғаны туралы Орталық сайлау комиссиясы берген куәлік. Астанадағы Қазақстанның тұңғыш президенті мұражайынан түсірілген сурет.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/83baa988-e446-408b-91b0-facb3a52a669_cx0_cy4_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
9
2005 жылғы 4 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан президенті болып сайланғаны туралы Орталық сайлау комиссиясы берген куәлік. Астанадағы Қазақстанның тұңғыш президенті мұражайынан түсірілген сурет.
![Қазақстан орталық сайлау комиссиясының ресми мәліметі бойынша, 2011 жылғы 3 сәуірде мерзімінен бұрын өткен президент сайлауына дауыс беруге қатысқан азаматтардың 95 пайыздан астамы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдаған. Суретте: Қазақстан президенті қызметіне кезекті мәрте сайланған Нұрсұлтан Назарбаев ант беру рәсімінде. Астана, 8 сәуір 2011 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/fa0d43af-1d0c-4017-a054-b547bee82302_w1024_q10_s.jpg)
10
Қазақстан орталық сайлау комиссиясының ресми мәліметі бойынша, 2011 жылғы 3 сәуірде мерзімінен бұрын өткен президент сайлауына дауыс беруге қатысқан азаматтардың 95 пайыздан астамы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдаған.
Суретте: Қазақстан президенті қызметіне кезекті мәрте сайланған Нұрсұлтан Назарбаев ант беру рәсімінде. Астана, 8 сәуір 2011 жыл.
Суретте: Қазақстан президенті қызметіне кезекті мәрте сайланған Нұрсұлтан Назарбаев ант беру рәсімінде. Астана, 8 сәуір 2011 жыл.
![Президент Назарбаевтың тұсында Қазақстанда жоғарғы заң шығарушы орган - парламент бірнеше рет таратылды. Парламентті кезекті рет таратқан соң, 1995 жылдың наурыз айынан 1996 жылдың қаңтарына дейін президент Назарбаев заң шығару өкілетін өзіне алып, заң күші, тіпті, конституциялық заң күші бар ондаған жарлық шығарды. Осы кезеңде Қазақстанда Негізгі заң қайта жазылып, 1995 жылы 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдум арқылы жаңа Конституция қабылданды. Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев (ортада - "хан тағында") "Көшпенділер" фильмін түсіру кезінде. 17 ақпан 2004 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/e16f4561-d0c3-4f1e-b88f-bc08b228af66_w1024_q10_s.jpg)
11
Президент Назарбаевтың тұсында Қазақстанда жоғарғы заң шығарушы орган - парламент бірнеше рет таратылды. Парламентті кезекті рет таратқан соң, 1995 жылдың наурыз айынан 1996 жылдың қаңтарына дейін президент Назарбаев заң шығару өкілетін өзіне алып, заң күші, тіпті, конституциялық заң күші бар ондаған жарлық шығарды. Осы кезеңде Қазақстанда Негізгі заң қайта жазылып, 1995 жылы 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдум арқылы жаңа Конституция қабылданды.
Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев (ортада - "хан тағында") "Көшпенділер" фильмін түсіру кезінде. 17 ақпан 2004 жыл.
Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев (ортада - "хан тағында") "Көшпенділер" фильмін түсіру кезінде. 17 ақпан 2004 жыл.
![Назарбаев Көкшетау аймағында жүр. 2000 жылдар. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/be5be8ad-4814-4918-a36a-c3c2cd973b65_w1024_q10_s.jpg)
12
Назарбаев Көкшетау аймағында жүр. 2000 жылдар.
![Саяси оппоненттері Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары билікте отырған кезде Қазақстан Конституциясын өзіне ыңғайлап, оған толықтырулар мен өзгерістер енгізуді әдетке айналдырғанын айтады. Мысалы, 1998 жылғы қазан айында Конституцияға бірден 19 түзету енгізілген соң 1999 жылы қаңтарда кезектен тыс президент сайлауы өтті. 2007 жылы мамырда Конституцияға енгізілген кезекті түзетулердің арқасында Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауына еш шектеусіз түсе беретін айрықша құқық иеленді. Сондай-ақ кейін "Қазақстанның тұңғыш президенті" деген ресми атаққа ие болып, іс жүзінде қылмыстық қудалауға жатпайтын тұлғаға айналды. Суретте: Алматы қаласындағы көше жарнамасы. 7 қаңтар 2009 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/1ae4e20b-33c3-483a-aab6-a0ab5a5466d5_w1024_q10_s.jpg)
13
Саяси оппоненттері Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары билікте отырған кезде Қазақстан Конституциясын өзіне ыңғайлап, оған толықтырулар мен өзгерістер енгізуді әдетке айналдырғанын айтады. Мысалы, 1998 жылғы қазан айында Конституцияға бірден 19 түзету енгізілген соң 1999 жылы қаңтарда кезектен тыс президент сайлауы өтті. 2007 жылы мамырда Конституцияға енгізілген кезекті түзетулердің арқасында Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауына еш шектеусіз түсе беретін айрықша құқық иеленді. Сондай-ақ кейін "Қазақстанның тұңғыш президенті" деген ресми атаққа ие болып, іс жүзінде қылмыстық қудалауға жатпайтын тұлғаға айналды.
Суретте: Алматы қаласындағы көше жарнамасы. 7 қаңтар 2009 жыл.
Суретте: Алматы қаласындағы көше жарнамасы. 7 қаңтар 2009 жыл.
![1995 жылдың сәуірінде өткізілген президенттің өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдумды қоса алғанда, Қазақстанда 1995 жылдан бастап өткізілген президенттік және парламенттік сайлаулар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық ұйымдар тарапынан демократия стандарттары мен Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес деп танылмаған. Суретте: Астанадағы "Қазақ елі" монументіндегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/7dd53f5a-44ab-469a-b782-2d9c38da7d3a_w1024_q10_s.jpg)
14
1995 жылдың сәуірінде өткізілген президенттің өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдумды қоса алғанда, Қазақстанда 1995 жылдан бастап өткізілген президенттік және парламенттік сайлаулар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық ұйымдар тарапынан демократия стандарттары мен Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес деп танылмаған.
Суретте: Астанадағы "Қазақ елі" монументіндегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі.
Суретте: Астанадағы "Қазақ елі" монументіндегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі.
![Қазақстанда 1999 жылы мерзімінен бұрын өткен президент сайлауы кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлау штабы сайлау біткен соң «Отан» саяси партиясына айналды. Кейін атауын «Нұр Отан» партиясы деп өзгерткен саяси ұйым қазір Қазақстанда заң шығарушы, атқарушы және жергілікті өкілді органдарды бақылап отыр. Елдегі ең ірі саяси партияның құрылымы мен жұмысында бір кездегі советтік коммунистік партияға ұқсастықтар да бар. Суретте: Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзі басқаратын «Нұр Отан» партиясының жиынында сөйлеп тұр. Астана, 25 қараша 2011 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/f19ce61a-a163-4aed-9268-242b992ac2c4_w1024_q10_s.jpg)
15
Қазақстанда 1999 жылы мерзімінен бұрын өткен президент сайлауы кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлау штабы сайлау біткен соң «Отан» саяси партиясына айналды. Кейін атауын «Нұр Отан» партиясы деп өзгерткен саяси ұйым қазір Қазақстанда заң шығарушы, атқарушы және жергілікті өкілді органдарды бақылап отыр. Елдегі ең ірі саяси партияның құрылымы мен жұмысында бір кездегі советтік коммунистік партияға ұқсастықтар да бар.
Суретте: Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзі басқаратын «Нұр Отан» партиясының жиынында сөйлеп тұр. Астана, 25 қараша 2011 жыл.
Суретте: Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзі басқаратын «Нұр Отан» партиясының жиынында сөйлеп тұр. Астана, 25 қараша 2011 жыл.
![2010 жылы 15 маусым күні Қазақстанда билікте отырған елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Елбасы» (орысша «Лидер нации») деген ресми атақ беру заңмен бекітілді. Заң бойынша, Елбасының бейнесін бүлдіру әрекеттерін жасағандарға айыппұл немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал баспасөз құралдары арқылы жасалған нақ сол әрекеттер үшін үш жылға дейін бас еркіндігінен айыру жазасы қарастырылған. Заңда Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына қол тигізбеу құқығы да атап жазылып, оны бұзғандарға бес жылға дейін бас еркіндігінен айыру жазасы белгіленді. Суретте: Қазақ-түрік университетінің музейіндегі Назарбаев бюсті. Түркістан, 2002 жыл. (Сурет авторы - Асылхан Әбдірайым.)](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/2276f8ee-fc62-40dc-89cf-0df9dd9a20bf_w1024_q10_s.jpg)
16
2010 жылы 15 маусым күні Қазақстанда билікте отырған елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Елбасы» (орысша «Лидер нации») деген ресми атақ беру заңмен бекітілді. Заң бойынша, Елбасының бейнесін бүлдіру әрекеттерін жасағандарға айыппұл немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал баспасөз құралдары арқылы жасалған нақ сол әрекеттер үшін үш жылға дейін бас еркіндігінен айыру жазасы қарастырылған. Заңда Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына қол тигізбеу құқығы да атап жазылып, оны бұзғандарға бес жылға дейін бас еркіндігінен айыру жазасы белгіленді.
Суретте: Қазақ-түрік университетінің музейіндегі Назарбаев бюсті. Түркістан, 2002 жыл. (Сурет авторы - Асылхан Әбдірайым.)
Суретте: Қазақ-түрік университетінің музейіндегі Назарбаев бюсті. Түркістан, 2002 жыл. (Сурет авторы - Асылхан Әбдірайым.)
![Назарбаев кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жеткен сәт. 2005 жыл. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/f7ddc9e6-10e0-4699-b36b-438361e6c115_w1024_q10_s.jpg)
17
Назарбаев кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жеткен сәт. 2005 жыл.
![Осы уақытқа дейін жүзден астам кітаптың авторы атанған президент Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы шыққан бір кітабында «қаусап қалса да, СССР-ді 18 жыл басқарған» Леонид Брежневті сынаған еді. Қазақстанда Назарбаевтың кітаптарына арналған көрмелер, ғылыми-практикалық жиындар, байқаулар мен тағы да басқа көптеген шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. Сонымен бірге, тұңғыш президент ән шығарған, тіпті Қазақстанның мемлекеттік әнұранына да өлең жолдарын жазған автор ретінде аталады. Суретте: Ұлттық кітапхана сөресіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары. Алматы, 4 шілде 2012 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/76c8d6ce-4251-468d-93e0-448224634daf_w1024_q10_s.jpg)
18
Осы уақытқа дейін жүзден астам кітаптың авторы атанған президент Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы шыққан бір кітабында «қаусап қалса да, СССР-ді 18 жыл басқарған» Леонид Брежневті сынаған еді. Қазақстанда Назарбаевтың кітаптарына арналған көрмелер, ғылыми-практикалық жиындар, байқаулар мен тағы да басқа көптеген шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. Сонымен бірге, тұңғыш президент ән шығарған, тіпті Қазақстанның мемлекеттік әнұранына да өлең жолдарын жазған автор ретінде аталады.
Суретте: Ұлттық кітапхана сөресіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары. Алматы, 4 шілде 2012 жыл.
Суретте: Ұлттық кітапхана сөресіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары. Алматы, 4 шілде 2012 жыл.
![Қазақстанда елдің тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атында универститет пен зияткерлік мектептер, бірнеше қор, мұражайлар, саябақтар мен тарихи-мәдени орталықтар жұмыс істейді. Қазақстан ғылым академиясы оны «Ғасыр ғұламасы» деген атақпен марапаттаған. Суретте: Астанадағы Назарбаев университеті. 29 қараша 2012 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/8abe2565-3e21-4548-9271-3dcbd3c7fff2_w1024_q10_s.jpg)
19
Қазақстанда елдің тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атында универститет пен зияткерлік мектептер, бірнеше қор, мұражайлар, саябақтар мен тарихи-мәдени орталықтар жұмыс істейді. Қазақстан ғылым академиясы оны «Ғасыр ғұламасы» деген атақпен марапаттаған.
Суретте: Астанадағы Назарбаев университеті. 29 қараша 2012 жыл.
Суретте: Астанадағы Назарбаев университеті. 29 қараша 2012 жыл.
![Қазақстанмен бірге бірқатар шет мемлекеттерде Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі салынған мүсін-ескерткіштер орнатылған. Суретте: Қырғызстанның Ыстықкөл аймағындағы Шолпон-Ата қаласында Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрғызылған ескерткіш. Маусым, 2007 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/d4eeac1c-4f41-488f-aeb2-3f2d650398e5_cx0_cy10_cw0_w1024_q10_r1_s.jpg)
20
Қазақстанмен бірге бірқатар шет мемлекеттерде Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі салынған мүсін-ескерткіштер орнатылған.
Суретте: Қырғызстанның Ыстықкөл аймағындағы Шолпон-Ата қаласында Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрғызылған ескерткіш. Маусым, 2007 жыл.
Суретте: Қырғызстанның Ыстықкөл аймағындағы Шолпон-Ата қаласында Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрғызылған ескерткіш. Маусым, 2007 жыл.
![Бұрынғы СССР құрамында болған елдер арасында тек тек Қазақстанда ғана совет кезінде билікке келген басшы әлі басқарып отыр. 2016 жылы совет кезінен бері билікте ұзақ отырған Өзбекстан президенті Ислам Каримов қайтыс болды. Оның орнына Шавкат Мирзияев президент болып сайланды. Суретте солдан оңға: Өзбекстан президенті Ислам Каримов пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 7 қыркүйек 2012 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/61a18eb6-ea20-409b-a465-6feb57d46f94_w1024_q10_s.jpg)
21
Бұрынғы СССР құрамында болған елдер арасында тек тек Қазақстанда ғана совет кезінде билікке келген басшы әлі басқарып отыр. 2016 жылы совет кезінен бері билікте ұзақ отырған Өзбекстан президенті Ислам Каримов қайтыс болды. Оның орнына Шавкат Мирзияев президент болып сайланды.
Суретте солдан оңға: Өзбекстан президенті Ислам Каримов пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 7 қыркүйек 2012 жыл.
Суретте солдан оңға: Өзбекстан президенті Ислам Каримов пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 7 қыркүйек 2012 жыл.
![2011 жылғы 16 желтоқсан күні Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында бірнеше айға созылған мұнайшылар ереуілі күшпен басылып, полиция атқан оқтан 16 адам қаза тапты. Жаңаөзен оқиғасынан кейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германияға ресми сапармен барды. Жергілікті журналистің Жаңаөзен оқиғасына қатысты сұрағына ол «Полицияның ісі дұрыс болды, өкінішке қарай, адамдар қаза тапты... Германияда тәуелсіздік күні ондаған мас жігіт адамдарды сабап, балаларды ұрып, микрофонды сындырып, азғантай ғана полицейлерді жараласа, не істер едіңіздер?» деп жауап берді. «Жаңаөзен ісі» бойынша жергілікті абақты басшысы, бірнеше полицей, Маңғыстау облысы әкімі орынбасары, Жаңаөзен әкімі, мұнай компаниясы менеджерлері және оппозиция өкілі, «жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар» сотталды. Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзен оқиғасы кезінде кезекшілік атқарған полицейлермен кездесіп тұр. Жаңаөзен, 22 желтоқсан 2011 жыл](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/f2c4f3de-6dcf-4d5b-bd8f-e6e96f9915e2_w1024_q10_s.jpg)
22
2011 жылғы 16 желтоқсан күні Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында бірнеше айға созылған мұнайшылар ереуілі күшпен басылып, полиция атқан оқтан 16 адам қаза тапты. Жаңаөзен оқиғасынан кейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германияға ресми сапармен барды. Жергілікті журналистің Жаңаөзен оқиғасына қатысты сұрағына ол «Полицияның ісі дұрыс болды, өкінішке қарай, адамдар қаза тапты... Германияда тәуелсіздік күні ондаған мас жігіт адамдарды сабап, балаларды ұрып, микрофонды сындырып, азғантай ғана полицейлерді жараласа, не істер едіңіздер?» деп жауап берді.
«Жаңаөзен ісі» бойынша жергілікті абақты басшысы, бірнеше полицей, Маңғыстау облысы әкімі орынбасары, Жаңаөзен әкімі, мұнай компаниясы менеджерлері және оппозиция өкілі, «жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар» сотталды.
Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзен оқиғасы кезінде кезекшілік атқарған полицейлермен кездесіп тұр. Жаңаөзен, 22 желтоқсан 2011 жыл
«Жаңаөзен ісі» бойынша жергілікті абақты басшысы, бірнеше полицей, Маңғыстау облысы әкімі орынбасары, Жаңаөзен әкімі, мұнай компаниясы менеджерлері және оппозиция өкілі, «жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар» сотталды.
Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзен оқиғасы кезінде кезекшілік атқарған полицейлермен кездесіп тұр. Жаңаөзен, 22 желтоқсан 2011 жыл
!["Бүгінде жасы 73-тен асқан Нұрсұлтан Назарбаев алдағы уақытта кезекті мәрте президент сайлауына түсуі мүмкін екенін жоққа шығармайды" деп жазды Батыс басылымдары 2014 жылы. Сол жылы ақпанда өзінен болашақта сайлауға түсетіні туралы сұраған Bloomberg журналисінің сұрағына Назарбаев: «Мен 2016 жылғы желтоқсанның аяғына дейінгі мерзімге сайланғанмын, уақыты келгенде көрерміз» деп жауап берген. Суретте: Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халықтарының бірлігі күнгі жиында сөйлеп тұр. Алматы, 1 мамыр 2012 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/15a89b1e-d534-45f0-b8d2-c4fba0575b15_w1024_q10_s.jpg)
23
"Бүгінде жасы 73-тен асқан Нұрсұлтан Назарбаев алдағы уақытта кезекті мәрте президент сайлауына түсуі мүмкін екенін жоққа шығармайды" деп жазды Батыс басылымдары 2014 жылы. Сол жылы ақпанда өзінен болашақта сайлауға түсетіні туралы сұраған Bloomberg журналисінің сұрағына Назарбаев: «Мен 2016 жылғы желтоқсанның аяғына дейінгі мерзімге сайланғанмын, уақыты келгенде көрерміз» деп жауап берген.
Суретте: Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халықтарының бірлігі күнгі жиында сөйлеп тұр. Алматы, 1 мамыр 2012 жыл.
Суретте: Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халықтарының бірлігі күнгі жиында сөйлеп тұр. Алматы, 1 мамыр 2012 жыл.
![Назарбаев президент сайлауы алдындағы үгіт-насихат шарасында. Алматы, 2015 жыл. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/fb84c12d-0802-4506-a417-c099ae6dd9bc_w1024_q10_s.jpg)
24
Назарбаев президент сайлауы алдындағы үгіт-насихат шарасында. Алматы, 2015 жыл.
![2015 жылы ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясы (президент жанындағы кеңесші органды президенттің өзі басқарады) осы жылы елде кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы ұсыныс жасады. Ассамблея сайлау өткізу қажеттігін «жаһандық сынақтардан сәтті өтуі үшін ел президентіне жалпыхалықтық сенім білдірудің жаңа мандатын беру қажеттігімен» түсіндірген. Бұл бастаманы билік партиясынан жасақталған парламент, бірқатар билікшіл партиялар мен президенттің өзі қолдап, Назарбаев сайлауды сәуірдің 26-сына тағайындау туралы жарлық шығарған. Бұл жолғы кезектен тыс сайлауға Назарбаевқа бәсекелесі ретінде көпшілік жұртқа аса таныс емес екі адам – өзін өзі ұсынған Әбілғазы Құсайынов пен билікшіл Қазақстан коммунистік халықтық партиясы кандидаты Тұрғын Сыздықов түсіп жатыр. Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында. Астана, 23 сәуір 2015 жыл.](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/ec0f4643-7c15-49ba-a525-bb9cb86c8dc4_w1024_q10_s.jpg)
25
2015 жылы ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясы (президент жанындағы кеңесші органды президенттің өзі басқарады) осы жылы елде кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы ұсыныс жасады. Ассамблея сайлау өткізу қажеттігін «жаһандық сынақтардан сәтті өтуі үшін ел президентіне жалпыхалықтық сенім білдірудің жаңа мандатын беру қажеттігімен» түсіндірген. Бұл бастаманы билік партиясынан жасақталған парламент, бірқатар билікшіл партиялар мен президенттің өзі қолдап, Назарбаев сайлауды сәуірдің 26-сына тағайындау туралы жарлық шығарған. Бұл жолғы кезектен тыс сайлауға Назарбаевқа бәсекелесі ретінде көпшілік жұртқа аса таныс емес екі адам – өзін өзі ұсынған Әбілғазы Құсайынов пен билікшіл Қазақстан коммунистік халықтық партиясы кандидаты Тұрғын Сыздықов түсіп жатыр.
Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында. Астана, 23 сәуір 2015 жыл.
Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында. Астана, 23 сәуір 2015 жыл.