Солтүстік Корея астанасы Пхеньянда кейінгі жылдары құрылыс қарқынды түрде жүріп жатыр. Бұл ел халықаралық санкциялар мен халық тұрмысының нашарлығына қарамастан құрылыс көлемін ұлғайтып отыр.
Пхеньяндағы құрылыс қарқыны
![Пхеньянда құрылыс крандары әдеттегі көрініске айналған. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/17bd9ef8-048d-4d65-8bfc-d94883c6f07d_w1024_q10_s.jpg)
1
Пхеньянда құрылыс крандары әдеттегі көрініске айналған.
![Қазіргі Пхеньян. Солтүстік Корея ұлттық табысының үштен бір бөлігін қорғаныс саласына жұмсайды. Азаматтық инфрақұрылымды дамытуға қорғаныс саласындай көп қаражат бөлінбейді. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/49aeca93-29e3-432d-8b69-b6ed933090ac_w1024_q10_s.jpg)
2
Қазіргі Пхеньян. Солтүстік Корея ұлттық табысының үштен бір бөлігін қорғаныс саласына жұмсайды. Азаматтық инфрақұрылымды дамытуға қорғаныс саласындай көп қаражат бөлінбейді.
![Пхеньянның кейбір көшелері болашақтың қаласын елестетеді. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/91387999-1def-48f5-aa28-2fefb0f09fda_w1024_q10_s.jpg)
3
Пхеньянның кейбір көшелері болашақтың қаласын елестетеді.
![Пхеньяндағы ғылыми-техникалық кешен, оның құрылысы былтыр аяқталды. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/a475d03f-3e5d-4c02-b424-1bbe899188fd_w1024_q10_s.jpg)
4
Пхеньяндағы ғылыми-техникалық кешен, оның құрылысы былтыр аяқталды.
![Ғылыми-техникалық кешеннің ішіне зымыран моделі қойылған. Мәліметтерге қарағанда бұл жерде осы елдің ғалымдарының еңбектері тіркелген электрондық кітапхана да жасақталып жатыр. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/37a13cb9-cece-4ef6-8ea1-912eaec0d297_w1024_q10_s.jpg)
5
Ғылыми-техникалық кешеннің ішіне зымыран моделі қойылған. Мәліметтерге қарағанда бұл жерде осы елдің ғалымдарының еңбектері тіркелген электрондық кітапхана да жасақталып жатыр.
![Пхеньян әуежайының терминалы 2015 жылдың жазында салтанатты түрде ашылды. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/af2614d9-8141-416f-a23d-79b07cf8aa79_w1024_q10_s.jpg)
6
Пхеньян әуежайының терминалы 2015 жылдың жазында салтанатты түрде ашылды.
![Әуежайдың іші. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/6d0ed2d5-9201-4dbd-ab6c-7db4cbefa11c_w1024_q10_s.jpg)
7
Әуежайдың іші.
![Кейбір жерлер СССР-дің соңғы жылдарын еске түсіреді. Кей сарапшылар Солтүстік Кореяның құрылысты жедел жүргізуге қаражатты Қытаймен саудадан түсіріп жатқанын айтса, енді бір мамандар елдің алтын қорын сатып жатқанын мысалға келтіреді. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/d6bf87ab-e94d-43be-93aa-be8f51e754a7_w1024_q10_s.jpg)
8
Кейбір жерлер СССР-дің соңғы жылдарын еске түсіреді. Кей сарапшылар Солтүстік Кореяның құрылысты жедел жүргізуге қаражатты Қытаймен саудадан түсіріп жатқанын айтса, енді бір мамандар елдің алтын қорын сатып жатқанын мысалға келтіреді.
![Пхеньян орталығындағы құрылысшылар. Кейбір бақылаушылар астанадағы қарқынды құрылыс мемлекеттің ғана қолдауымен болып жатпағанын, оған жергілікті кәсіпкерлер де үлес қосып отырғанын айтады. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/4d3713e3-46d1-4a7a-b706-925954aabcfa_w1024_q10_s.jpg)
9
Пхеньян орталығындағы құрылысшылар. Кейбір бақылаушылар астанадағы қарқынды құрылыс мемлекеттің ғана қолдауымен болып жатпағанын, оған жергілікті кәсіпкерлер де үлес қосып отырғанын айтады.
![Пхеньяндағы кедей аудандардағы үйлер бұзылып жатыр. Британдық Guardian газетінің кейінгі репортажында Солтүстік Корея тұрғындарының көбі заңсыз саудамен күн көретіні жазылған. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/629e44f2-b3f1-4d22-829c-25decf367af1_w1024_q10_s.jpg)
10
Пхеньяндағы кедей аудандардағы үйлер бұзылып жатыр. Британдық Guardian газетінің кейінгі репортажында Солтүстік Корея тұрғындарының көбі заңсыз саудамен күн көретіні жазылған.
![Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын жаңадан салынған ғимараттарды қарап жүр. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/383ee486-9bca-449a-b9e8-11ccfd82787e_w1024_q10_s.jpg)
11
Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын жаңадан салынған ғимараттарды қарап жүр.
![Электр кабельдерін шығаратын зауыт жұмысшысы. Бұл кәсіпорынға жақында артық өнімді сатуға және одан түскен табысты инвестиция ретінде пайдалануға рұқсат берілді. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/9371fa88-6160-4bdf-b3af-5ed70f93eae8_w1024_q10_s.jpg)
12
Электр кабельдерін шығаратын зауыт жұмысшысы. Бұл кәсіпорынға жақында артық өнімді сатуға және одан түскен табысты инвестиция ретінде пайдалануға рұқсат берілді.
![Пхеньяндағы Ким Чен Ынның басшылық қызметке кіріскеніне төрт жыл толуына (11 сәуір) орай өтіп жатқан мереке. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/5ae7bcc5-55cd-49e5-9c48-3a6d1747a623_w1024_q10_s.jpg)
13
Пхеньяндағы Ким Чен Ынның басшылық қызметке кіріскеніне төрт жыл толуына (11 сәуір) орай өтіп жатқан мереке.
![Пхеньянның түнгі көрінісі. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/bea74d5a-3774-4f8d-bd8a-62dc9522e197_w1024_q10_s.jpg)
14
Пхеньянның түнгі көрінісі.
![Солтүстік Корея астанасындағы таңғы тұман. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/7f6953f4-33e4-4c4b-b056-f4712d775c5c_w1024_q10_s.jpg)
15
Солтүстік Корея астанасындағы таңғы тұман.
![Солтүстік Кореяның алдыңғы көсемдеріне - Ким Ир Сен мен Ким Чен Ирге қойылған ескерткіштер. Әзірге Пхеньянда саяси өзгерістер болып жатқан жоқ. ](https://d2i91c2tzvj86d.cloudfront.net/51c9efe4-f109-46b0-bdc9-55582b34329b_w1024_q10_s.jpg)
16
Солтүстік Кореяның алдыңғы көсемдеріне - Ким Ир Сен мен Ким Чен Ирге қойылған ескерткіштер. Әзірге Пхеньянда саяси өзгерістер болып жатқан жоқ.
ПІКІРЛЕР