Қырғызстан мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі мемлекеттік әнұранның сөзі мен әніне конкурс басталғанын мәлімдеді. Хабарландыру министрліктің сайтында және әлеуметтік желілердегі аккаунтарында жарияланды.
Хабарламаға қарағанда, конкурс "Қырғызстан халқының тарихи мұрасын, мәдени дәстүрін және ұлттық бірлігін білдіретін көркемдігі жоғары музыкалық шығарма" шығару мақсатында ұйымдастырылып жатыр.
Шығармаларды қарастыратын комиссия құрамына Жогорку Кенеш пен мемлекеттік органдардың өкілдері, жазушылар, композиторлар және мәдениет қайраткерлері кірмек. Өтініш саны аз болса немесе лайықты шығарма болмаса конкурс жүзеге аспаған болып саналады.
Қырғызстан әнін өзгерту туралы бастаманы 2024 жылғы қазанда Жогорку Кенеш спикері Нурланбек Шакиев көтерген.
"Туды өзгерттік, енді әнұранды да өзгерту қажет. Өйткені әнұранды қабылдағанда Совет Одағынан енді шығып, тәуелсіздік жолында алғашқы қадамдарымызды жасап жатты. [Қазіргі әнұранды] орындау қиын. Қырғыздардың бәрі бірдей айта алмайды" деді ол қырғыз әнұраны айтылғанда "құстар үркіп кеткен" жағдайлар болғанын еске алып.
Кейінірек ел президенті Садыр Жапаров бұл бастаманы қолдап, мемлекеттік символдарда өзгерткенде тұрған ештеңе жоқ деді.
2023 жылы Жогорку Кенеш спикері мемлекеттік туды өзгертуды ұсынып, кейінірек ел парламенті оны бекітіп берген. Артынан Садыр Жапаров өзгерту туралы идеяны өзі айтқанын мойындады.
ПІКІРЛЕР