Қазақстанда Qaznews24 сатиралық ресурсының авторы Темірлан Еңсебекке қолдау білдірген адамдардың акциялары жалғасып жатыр. Билікт Еңсебекті "ұлтаралық араздық қоздыратын" пост жариялаған деген күдікпен екі айға қамауға алынған. Оған қолдау білдіріп, көшеге шыққан өзге адамдар да жаза арқалап жатыр.