Accessibility links

Ким Чен Ын Ресейге қолдау көрсетуден айнымайтынын мәлімдеді


Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын елдің қорғаныс министрлігіне келді. 8 ақпан, 2025 жыл
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын елдің қорғаныс министрлігіне келді. 8 ақпан, 2025 жыл

Солтүстік Корея армиясы мен халқы Пхеньян мен Мәскеу арасындағы стратегиялық серіктестік рухын басшылыққа ала отырып, Ресейдің егемендігін, қауіпсіздігі мен аумақ тұтастығын қорғау жөніндегі іс-қимылдарын айнымастан қолдайды. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен елдің қорғаныс министрлігіне барғанында осылай деп мәлімдеді.

Ким бұған қоса АҚШ, Жапония және Оңтүстік Кореяның үшжақты әскери ынтымақтастығына байланысты пікір білдіріп, ол елдерді аймақтағы шиеленісті ушықтырды деп айыптады. Ол Пхеньянның жағдайды өршітуге ұмтылмайтынын, бірақ әскери тепе-теңдікті сақтауға қажет іс-шаралар қабылдайтынын атап айтты.

Бұған дейін жапондық NHK телеарнасы 2025 жылы Солтүстік Корея Ресейдің көмегімен жаппай дрон өндірісін бастамақшы деп хабарлаған.

Дереккөздердің мәліметінше, Ресейдің Украинаға қарсы соғысына қатысуға сарбаздарын жіберген Солтүстік Корея соның қарымы ретінде әлгіндей келісімге қол жеткізген болуы мүмкін. Сонымен бірге, "Мәскеу Пхеньянға ядролық қару жасауға көмектесуге ниетті емес" деді телеарна дереккөздері.

Биыл қаңтарда Оңтүстік Корея Пхеньян билігі Ресейге бұған дейін соғысқа қатысуға жіберген 11 мың сарбазға қосымша тағы да әскер жөнелтуге дайындалып жатыр деп күдіктенетінін мәлімдеген.

8 ақпанда жарияланған жеке түсініктемеде Солтүстік Кореяның орталық телеграф агенттігі Оңтүстік Кореяның АҚШ-пен бірге әскери белсенділік танытуын тағы да сынға алды. Агрессивті іс-әрекеттер жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін деген басылым.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG